АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. 2025–2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша барлығы 36,8 млн тонна мал азығы дайындалды. Оның ішінде:
пішен – 25 млн тонна (жоспардың 101,9%);
сенаж – 1,9 млн тонна (112,8%);
шоғырланған жем – 3,4 млн тонна (62,2%);
сүрлем – 2 млн тонна (99,1%);
сабан – 4,4 млн тонна (95,8%).
Пішен дайындау жоспарының орындалуы бойынша жоғары көрсеткіштер:
Солтүстік Қазақстан (147%);
Шығыс Қазақстан (116,0%);
Алматы (105,6%);
Жетісу (104,5%);
Ақтөбе (103,2%);
Қызылорда (103,2%);
Ұлытау (102,3%) облыстарында байқалды.