Асхат Жұмағали Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Тоқаев жарлыққа қол қойды
Sputnik
АСТАНА, 18 қазан — Sputnik. Антикордың бұрынғы басшысы Асхат Жұмағали Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
2023 жылы Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
Бұған дейін ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болған.
2021-2022 жылдары ол антикордың сотқа дейінгі тергеу қызметін басқарды.
Қазақстанның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі министр орынбасары қызметіне тағайындалды