Алматы облысында түнгі уақытта жасөспірімді пышақтап кеткен

Қансырап жатқан баланы тұрғындар көріп, жедел-жәрдем шақырған
Sputnik
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Алматы облысында түнгі уақытта жасөспірімді пышақтап кеткен.
Оқиға Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында болған. Қансырап жатқан баланы тұрғындар көріп, жедел-жәрдем шақырған.
Куәгерлердің айтуынша, алғашқы көмек көрсетіліп, белінен атқылаған қан тоқтатылып, бала аман қалған.
" Қылмыстық іс қозғалды. Іске қатысы бар адамдар анықталды. Қылмыстың жасалуына ықпал еткен себеп мен жағдайларға ерекше назар аударылады", - дейді облыстық полиция департаменті.
Қызылордада оқушыны пышақтап кетті