"Декреттегі" қазақстандықтарға 631 млрд теңгеден астам қаражат төленді

Аталған сомамен 475,2 мың адам қамтылды
Sputnik
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Жыл басынан бері баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 631,2 млрд теңге төленді, деп хабарлады еібек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Аталған сомамен 475,2 мың адам қамтылды, дейді ведомстводағылар.
Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 46,5 млрд теңге сомаға 257,5 мың адам қамтылды, оның ішінде қыркүйек айында 4,8 млрд теңге сомасын 26,7 мың адам алды.
Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 32,7 млрд теңге сомасында орта есеппен 124,4 мың адам қамтылды, оның ішінде қыркүйек айында 3,7 млрд теңге сомасын 125,8 мың адам алды.
Биылғы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:
бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:
бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.