Астанада медицина қызметкерлеріне 90 млн теңгеден астам әлеуметтік төлемдер жасалмаған

Прокуратура араласқан соң берешек толығымен өтелген
Sputnik
АСТАНА, 16 қазан - Sputnik. Астанада медицина саласының қызметкерлеріне міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар жасалмаған, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Прокуратура Алматы ауданындағы денсаулық сақтау ұйымдарында тексеру жүргізген.
"Нәтижесінде жұмысшыларға жалпы сомасы 90 млн теңгеден асатын міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ 15 млн теңгеден астам ынталандыру сыйақылары төленбеген", - дейді ведомстводағылар.
Прокуратура араласқан соң берешек толығымен өтелген.
Кінәлі лауазымды мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Зейнетақы қорынан тұрғын үй төлемдерін заңсыз аудару схемалары анықталды