Жұмысынан айырылғандарға қандай көмек көрсетіледі

Биыл жұмысынан айырылғандар 95 млрд теңге әлеуметтік төлем алды
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Биыл 285 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жұмысынан айырылып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алғандар саны 285,2 мыңға жетті.
"240,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 95 млрд теңге болды", - дейді министрлік.
Заң аясында жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-і мөлшерінде болады. Ол мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен төленеді.
Түркістанда тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек алу үшін басқа адамдардың үйін көрсеткен