Тоқаев пен Путин Қазақстан президентінің Ресейге жасайтын мемлекеттік сапарын талқылады

Тоқаев қарашада Ресейге мемлекеттік сапармен барады
Sputnik
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
"Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды.
Еске салайық, Қазақстан президенті қарашада Ресейге мемлекеттік сапармен баратынын хабарлады.
Тоқаев пен Путин Қазақстан президентінің Ресейге сапарына дайындық барысын талқылады