Орталық Азия елдері арқылы жүк тасымалы 4 жылда 70%-ке өсті

Транзиттік тасымалдардың 80%-і Қазақстан мен Өзбекстан арқылы өтеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 14 қазан - Sputnik. 4 жыл ішінде Орталық Азия елдері арқылы жүк тасымалы 70%-ке өсті, деп есептеді Еуразиляқ даму банкі.
Транзиттік тасымалдардың 80%-і Қазақстан мен Өзбекстан арқылы өтеді.
Темір жолдарда транзиттік жүктердің жалпы көлемінің шамамен 60%-і тасымалданады.
Соңғы 10 жылда Қазақстанда транзит көлемі екі есеге — 27 млн тоннаға дейін ұлғайған.
2029 жылға қарай 67 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
"Орталық Азиядағы шекараларды кесіп өту рәсімдерін жеңілдету транзиттік жүк ағындарын жеделдетеді. Ал тарифтік саясатты үйлестіру контейнерлік тасымалдау құнын төмендетуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
2029 жылы Қазақстандағы жүк тасымалы екі есеге артады