Тоқаев Дональд Трампты Газа секторында бейбітшілікке қол жеткізуімен құттықтады

Президент мұны көрнекті дипломатиялық жеңіс деп санайды
Sputnik
АСТАНА, 13 қазан-Sputnik. Қасым –Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады.
Президент АҚШ басшысын саяси ерік-жігерінің мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы ұмтылысын толық таныта білді деп санайды.
Бұған дейін Трамп ХАМАС қозғалысы бейбіт жоспарда қарастырылған қарусыздану туралы ережені орындайтынын және соғыс аяқталғанын айтқан болатын.
Тоқаев Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді қолдайды