Қазақстанда 50 мың АҚШ долларынан асатын валюталық операциялар бақылауға алынады

Қаржы министрлігі жаңа ереже әзірледі
Sputnik
АСТАНА, 13 қазан - Sputnik. Ұлттық банк пен Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті 50 мың доллардан астам сомаға валюталық операциялар туралы ақпарат пен мәліметтермен алмасатын болады.
Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында орналасқан Қаржы министрлігі бұйрығының жобасында айтылған.
Құжат "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен басқа да ұйымдардың резидент емес кірістері мен операцияларына қатысты болады.
"Бұл жоба мемлекеттік кіріс органдарының ірі валюталық операциялар туралы ақпаратқа уақтылы қол жеткізуін қамтамасыз етеді", - делінген құжатта.
Сондай-ақ, өзгерістер капиталды заңсыз шығару жағдайларын анықтаудың тиімділігін арттырады және жалған операцияларды жүзеге асыру тәуекелдерін азайтады, деп атап өтті қаржы министрлігі.
Ұлттық банк валюта айырбастау ережесін өзгертті