АЛМАТЫ, 12 қазан- Sputnik. Павлодар облысында "Омбы-Майқапшағай" тас жолында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 11 қазанда Қызылқоға ауылының маңындағы "Омбы-Майқапшағай" автожолында болған.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, басқа көлікпен соқтығысқан", - дейді ведомство.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады. Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жол ережелерін, жылдамдық режимін, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде қатаң сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылауды ескертті.