Қарағанды облысында фермер жайылымына кірген ауыл жылқыларын қырып тастады

Қожалық иесі елдің 17 жылқысын атып тастаған
Sputnik
АЛМАТЫ, 10 қазан - Sputnik. Қарағанды облысы Нұра ауданында жайылымын қызғанған тұрғын ауыл адамдарының жылқысын қырып тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Шаруа қожалығының иесі Заречное ауылының маңында 17 жылқыны атып тастаған.
Әлеуметтік желіде тараған оқиға 28 қыркүйекте болған. 17 жылқының 14-і өлген. Себеп - жайылымға бола жанжалдан туындаған.
Куәгердің айтуынша, жергілікті фермер жылқыларды далада көлікпен қуып жүріп атыпты.
"Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Нұра ауданының 53 жастағы тұрғынын анықтады", - дейді облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Шығыс Қазақстанда мал қырылды