АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қолдау білдірді.
Ол сондай-ақ Мысырдағы жанама келіссөздер кезінде кепілге алынған адамдарды босату туралы шешімді қолдады.
"Мемлекет басшысы Мысыр, Қатар, Түркия елдерінің араағайындық қызметі табысты болғанын, сондай-ақ Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерге президент Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапының ерекше үлес қосқанын атап өтті", - деп жазды Ақорда.
Айта кетейік, ХАМАС өкілдері босату үшін палестиналық тұтқындардың тізімін тапсырғанын айтты және аттары бойынша түпкілікті келісімді күтіп отыр.