АСТАНА, 8 қазан - Sputnik. Маңғыстау облысындағы шекара қызметі департаментінде сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
7 қазанда Маңғыстау облысы бойынша шекара қызметі департаментінде жазатайым оқиға болып, мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қайтыс болды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Полиция органдары қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді ведомстводағылар.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, деп хабарлады комитеттегілер.