Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

Президенттер екі елдің сан қырлы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады
Sputnik
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті, тату көршілік және одақтастық қатынастарды нығайтуға айтарлықтай үлес қосқанын айтты.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екі елдің сан қырлы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.
Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асырудың нақты аспектілеріне баса мән берді.
Тоқаев пен Путин Қазақстан президентінің Ресейге сапарына дайындық барысын талқылады