АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мемлекеттік сатып алулар кезінде бюджет қаржысы қалай ұрланатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде мемлекеттік сатып алулар кезінде ұсынылған тауарлар мен қызметтердің бағасын автоматты түрде салыстыратын жүйе бар. Соған қарамастан, бағаны асыра көрсету фактілері тыйылар емес.
“Осылайша, орауға арналған кәдімгі скотчтың бір данасы үшін баға 2 теңге мен 99 мың теңгеге аралығында тұрады. Бұны орташа бағаны асырып көрсету үшін жасайды. Жалпы, талдау кезінде 8,3 млрд теңгені құрайтын 8 мың келісімшартта бағаны 4 млрд теңгеге арттыру белгілері анықталды”, - деді Бижанов.
Жылдың басында сот-медицина сараптамары орталығында тура сондай жолмен 2 млрд теңге ұрланған. Құрал-жабдықтардың бағасы үш есе артық көрсетілген.