Онлайн-казино үшін қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін

Бүгінде құмар ойынға үгіттейтін 37 блогердің 18-і әкімшілік жазаға тартылған
Sputnik
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі онлайн-казино үшін қылмыстық жазаны енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Агенттік төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың айтуынша, бүгінде кейбір блогерлер халықты құмар ойындарға тартуды тоқтататын емес. Бүгінде 37 блогердің 18-і әкімшілік жазаға тартылды.

"Олардың көбі заңды кездейсоқ емес, жүйелі түрде бұзады. Оған қоса, құмар ойындар үшін тікелей жазаның жоқтығы жағдайды ушықтырып отыр. Ал әкімшілік айыппұлдар оларға түсетін пайдамен салыстыруға келмейді. Осы орайда біз онлайн-казино үшін қылмыстық жазаны енгізуді ұсынамыз", - деді Бижанов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, жазаның ауырлығы қаржы пирамидаларымен бірдей болуы керек.
"Құмар ойындарға тәуелділік дәл осы онлайн-казиноның жарнамасынан басталады. Сондықтан ол үшін қылмыстық жазаны енгізу керек", - деді Бижанов.
Лотерея ойнатқан блогерлердің табысы жарияланды