ЕАЭО-да 53 миллионға жуық контрафакт тауар тәркіленді - ЕЭК министрі

Министр жасанды интеллекттің контрафактілік тауарлардың таралуына жол бермеу ісіндегі рөлі артып келе жатқанын айтты
Sputnik
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. 2020-2024 жылдар аралығында ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдары 53 миллион контрафактілік тауар айналымының жолын кесті, деп хабарлады ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов "Антиконтрафакт-2025" ХІІІ халықаралық форумының пленарлық отырысында.
Форум Минскіде 6-7 қазанда өтіп жатыр.

"2024 жылы Одақ елдерінде 6,6 миллион контрафактілік тауар айналымына тосқауыл қойылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға дерлік көп", - деді ЕЭК министрі.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Еуразия нарығында контрафактілік тауарлардың таралуына қарсы күрес бизнесті дамытудың және азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғаудың негізгі факторы болып қала береді.
Министр жасанды интеллекттің контрафактілік тауарлардың таралуына жол бермеу ісіндегі рөлі артып келе жатқанын айтты.
ЕАЭО цифрландыруға және жасанды интеллектіге ерекше көңіл бөліп отыр