Джеки Чан Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды

Бүгін Salem Entertaiment медиакомпаниясы актер сапарының негізгі себебін жариялады
Sputnik
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Танымал актер Джеки Чанның Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін желіде қазақ шапанын киген әйгілі Джеки Чанның видеосы тараған болатын. Ол Алматыға келіп кеткен. Түсірілім алаңында жүрген суреті де жарияланды.
Бүгін Salem Entertaiment медиакомпаниясы осы сапардың негізгі себебін жариялады.
"Біз Джеки Чанның Алматыға жасаған резонансты сапарының мән-жайын ресми түрде аштық. Бұл сапар "Доспехи Бога: Ультиматум" атты культтік франшизаның жаңа фильміне қатысты болды", – делінген хабарламада.
"Доспехи Бога" франшизасы – бұл Джеки Чанның өзі дайындап, сахналаған танымал шытырман оқиғалы боевиктер сериясы.
Джей Ло концерті Қазақстан бюджетіне қанша қаржы әкеледі