Ақтауда TurkicSkills 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Оған түркі мемлекеттерінен келген техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттері, сарапшылар қатысып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Ақтауда Қазақстанның бастамасымен тұңғыш TurkicSkills халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақтауда TurkicSkills 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды
Чемпионатқа Түркі мемлекеттерінен келген техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттері, сарапшылар сала өкілдері қатысып жатыр.
Іс-шараның басты мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде үздік тәжірибені тарату, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және жастардың кәсіби әлеуетін арттыру.
Ақтауда TurkicSkills 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды
"TurkicSkills чемпионаты — осы жылдың басты оқиғаларының бірі. Бұл алаң жастардың кәсіби шеберлігін көрсетіп қана қоймай, түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты, тәжірибе алмасуды тереңдетеді", — деді оқу-ағарту вице-министрі Майра Мелдебекова.
Чемпионатқа 70-тен астам студенттер мен жас маман және 90 сарапшы қатысып жатыр. Олар инженерия, ақпараттық технологиялар, өндіріс, робототехника және қызмет көрсету салалары бойынша бақ сынайды.
Ақтауда TurkicSkills 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды
TurkicSkills чемпионаты 9 қазанға дейін жалғасады.
Алматыға түркі әлемінің жастар астанасы мәртебесі табысталды