АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Санкт-Петербургтегі Қазақстанның бас консулдығының өкілдері Жеңістің 80 жылдығына арналған еске алу іс-шарасына қатысты.
Іс-шара Кириш ауданының Пчев орта жалпы білім беретін мектебінде өтті. Бұл мектеп Ұлы Отан соғысының қаһарманы, қазақстандық Садық Жұмабаевтың есімімен аталады.
Памятное мероприятие, посвященное 80-летию Победы, прошло в деревне Пчева Ленинградской области
Садық Жұмабаев 310-атқыштар дивизиясының 1084-атқыштар полкы штабын басқарған. Ол 1941 жылдың қараша айында Пчеваны қорғау кезінде қаза тапқан.
Памятное мероприятие, посвященное 80-летию Победы, прошло в деревне Пчева Ленинградской области
Бас консулдықтың мәліметінше, іс-шара Кириш жерінің фашистерден азат етілгеніне 82 жыл толуына да арналды. Мектептегі салтанатты жиын Жеңіс туын алып шығудан және мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды. Мектеп хоры "Я – сын того солдата" әнін орындады, ал жиын Садық Жұмабаевтың бюстіне гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.
Памятное мероприятие, посвященное 80-летию Победы, прошло в деревне Пчева Ленинградской области
Шара соңында қонақтар мен қатысушылар Пчевадағы бауырластар зиратына гүл қойды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара ұрпақтар арасындағы рухани байланыстың көрінісі болып, Отан қорғаушылардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын дәлелдеді.