АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Қала күні қарсаңында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин Қарымсақов көшесі №4 және Қожақаев көшесі №11 мекенжайларында орналасқан апатты үйлердің тұрғындарына жаңа пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Жаңа қоныстар Ақмаржан тұрғын үй кешенінен берілді. Екі және үш бөлмелі пәтерлер барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтылған.
Атырауда апатты үй тұрғындарына жаңа пәтер кілті табысталды
© Атырау облысының әкімдігі
Шаһар басшысы өз сөзінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту – қаланың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар жыл соңына дейін апатты үйлерде тұрып жатқан тағы 70 отбасы кезең-кезеңімен жаңа пәтере көшірілетінін жеткізді.
Айта кетейік, осы жылдың басынан бері қала бойынша 100-ге жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды.