АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Digital Bridge 2025 форумы аясында IT әлемдегі ең ірі стартап-додаларының бірі – Astana Hub Battle өтті, деп хабарлайды жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, Орталық Еуразия елдерінен жиналған 180 IТ-компания өз өнімін дамыту үшін жалпы сомасы 125 000 АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салды.
Astana Hub Battle состоялся в рамках форума Digital Bridge 2025
Жартылай финалға бәсекеге қабілетті 79 жоба өтті, олардың ішінен 14 үздік стартап финалдық шайқасқа іріктелді.
"Орталық Еуразияның стартаптары жасанды интеллект, медицина, білім беру, қаржы технологиялары және басқа да салаларда бәсекеге қабілетті шешімдер ұсынып отыр. Мұндай бастамалар білім экономикасын қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарын ашып, саланың дамуына тың серпін береді", – деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
Айфтуынша, кәсіпкерлерді қолдау ғана емес, жастардың технологияға деген қызығушылығын арттыру да аса маңызды.
Astana Hub Battle 2025 жеңімпаздары жеті номинация бойынша анықталды. Алғашқы бес негізгі санаттың әрқайсысы 25 000 доллардан алды.
Astana Hub Battle состоялся в рамках форума Digital Bridge 2025
Биыл байқауға Қазақстан, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, АҚШ және БАӘ елдерінен өтінімдер түсті.
Еске салайық, Digital Bridge 2025 халықаралық форумы 2–4 қазан аралығында Астанада өтіп жатыр.