АСТАНА, 3 қазан - Sputnik. Оқушыларының жартысы 2025-2026 оқу жылында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы білім министрлігінің балалар құқықтарын қорғау комитеті айтты.
Жаңа оқу жылында 4,1 млн-нан астам бала партаға отырды, оның ішінде 1,7 млн оқушы тегін тамақтанады. Тегін тамақтанатындар қатарында:
1,4 миллион — бастауыш сынып оқушылары;
285 мың — 5-11 сыныптардың әлеуметтік осал отбасыларының балалары.
Жобаны іске асыру үшін өңірлердегі жергілікті бюджеттерден 192,1 млрд теңге бөлінген.