АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Бүгін Digital Bridge 2025 халықаралық форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрлық директормен танысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Самұрық-Қазынаның" тәуелсіз директоры жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді.
"Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің жасанды интеллект технологиясымен жұмыс істейтін виртуалды мүшесі
© Photo : Пресс-служба АО "Самрук-Казына"
"Бүгін маған "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің жасанды интеллект технологиясымен жұмыс істейтін виртуалды мүшесінің қызметін көрсетті. Бұл – ұлттық суперкомпьютер мен Қазақстандағы Alem LLM үлкен тілдік модель базасында іске асырылған Орталық Азиядағы алғашқы жоба. Ішкі үдерістердің бәрін оңтайландыруға септігін тигізетін мұндай шешімнің маңызы зор", - деді Тоқаев форумның пленарлық мәжілісінде.
Осы орайда президент мұндай технологияларды ұлттық компаниялар мен отандық кәсіпорындарда белсенді түрде қолдану қажеттігін жеткізді.
"Өйткені озық технология дәуірінде түбегейлі өзгеріске дайын болу өте маңызды. Онсыз даму болмайтыны анық", - деді мемлекет басшысы.
Айта кетері, форумның пленарлық отырысына Мажарстан президенті Тамаш Шуйок, Telegram негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Павел Дуров, Sinovation Ventures және 01ai бас директоры Ли Кай Фу, Google сарапшысы Питер Норвиг, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим Әл Мансури, Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаев және high-tech индустриясының басқа да өкілдері қатысып жатыр.