Шымкентте 1,1 млрд теңгеге жөндеу жүргізілген вокзал шатырынан жаңбыр суы ақты

Вокзал басшылығы проблеманы мойындап отыр
Sputnik
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Шымкенттің қомақты қаражатқа жөндеу жұүргізілген теміржол вокзалы алғашқы жаңбырға төтеп бере алмады, деп хабарлады Otyrar.
Шымкент вокзалы жөндеуден өткеннен кейін тағы да қызу талқыға салынды. Оған нысан шатырының жаңбырға төтеп бере алмауы себеп болып отыр. Тіпті шатырдан тамшылаған жаңбыр суына шелек қоюға тура келген.
Вокзал басшылығы проблеманы мойындап отыр. Олар шатырдың бірнеше жылдан бері жөнделмегенін, ал былтырғы 1,1 миллиард теңгеге жүргізілген жөндеу жұмыстарында шатырды жөндеу қарастырылмағанын айтады.
Басқарушы компания өкілдері шатырдағы бүлінулер байланыс операторының антенналарын орнатқаннан кейін пайда болуы мүмкін деп түсіндірді.

"Шатырдың жағдайы нашар, көптен бері жөндеу көрмеген. Өткен жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы күрделі жөндеу жүргізіліп, шатырды толық ауыстыруды жоспарлап отырмыз", - деді "Восток Трейд Про" ЖШС директоры Диана Мұханова.

Дегенмен, жөндеуден кейін вокзал кеңейіп, іші жаңартылып, өткізу қабілеті тәулігіне 6 мың жолаушыға дейін ұлғайған.
Вокзал мен әуежайларда қосымша қауіпсіздік шаралары енгізіледі