АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Ресей Украинамен тұтқын алмасу нәтижесінде 185 әскери және 20 бейбіт тұрғын қайтарылды, деп хабарлады Ресейдің қорғаныс министрлігі. Бұл туралы РИА новости жазды.
"Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Ыстамбұлда қол жеткізілген Ресей-Украина уағдаластықтарына сәйкес Киев режимінің бақылауындағы аумақтан 185 ресейлік әскери қызметші қайтарылды. Украина тарапына 185 әскери тұтқын берілді. Сонымен қатар, жиырма бейбіт тұрғын қайтарылды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ресейлік әскери қызметшілер мен бейбіт тұрғындар Беларусь республикасының аумағында, оларға қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсетіледі.
Барлық қайтарылған азаматтар медициналық мекемелерде емделу және оңалту үшін Ресей Федерациясына жеткізіледі.