Қазақстанда жасанды интеллект зертханасы ашылды

Павел Дуров Digital Bridge 2025 халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысты
Sputnik
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанада жасанды интеллект зертханасының ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Павел Дуров Digital Bridge 2025 халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысты. Бұл жиын бұрынғы "Нұр әлем" павильонында (EXPO-ның шар тәрізді ғимараты - Sputnik) өтті. Қазір ол жерде Alem.ai жасанды интеллект орталығы құрылды.

"Бір жыл бұрын біз Қазақстанда аймақтық кеңсемізді ашқан едік. Бүгін оның жұмыс нәтижесіне көңіліміз толып отыр. Ал бүгін Alem.ai ғимаратында мамандандырылған жасанды интеллект зертханасын ашып отырмыз. Бұл – Telegram мен Қазақстанның суперкомпьютер кластерінің бірлескен жобасы", - деді Дуров.

Оның айтуынша, жаңа технологияны бір миллиардтан астам адам пайдалана алады.
Тоқаев ұлттық компанияның цифрлық директорымен танысты