Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна мазут жіберді

Соңғы 5 жылда Тәжікстанға көрсеткен гуманитарлық көмек көлемі 21 млн АҚШ долларынан асты
Sputnik
АСТАНА, 1 қазан-Sputnik. Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде 893,7 млн. теңгеге 5000 тонна мазут берді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Гуманитарлық көмек "KazAID" қазақстандық халықаралық даму агенттігінің көмегімен көрсетілді.
Соңғы 5 жылда Қазақстан тарапынан Тәжікстанға көрсетілген гуманитарлық көмек көлемі 21 млн АҚШ долларынан асты.
Астанада Тәжікстан аспаздары 10 қазан палау дайындайды