Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Роликке жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы дыбыс берілген
Sputnik
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрлігі әскери қызметкердің соққыға жығылғаны жайлы видеоға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Аталған бейнематериал – "Қырғызфильм" киностудиясы түсірген "Баткен" көркем фильмінің үзіндісі. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ. Роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
"Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз", - деп ескертті министрлік.
Қазақстан армиясында суицидке бейім азаматтарды анықтайтын жүйе енгізіліп жатыр