Қазақстан ЕАЭО тарапынан аграрлық салаға өнеркәсіппен бірдей қолдау көрсетуді ұсынды

Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) тарапынан өнеркәсіпке қандай қаржылық қолдау көрсетілсе, аграрлық салаға дәл сондай қолдау көрсетуді ұсынды, деп хабарлады премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында.
Ол сондай-ақ Азия, Таяу Шығыс және Африка елдерімен еркін сауда туралы келісімдер бойынша келіссөздерді жандандыру қажеттігін атап өтті.
Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтіп жатыр. Кеше Беларусьте ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтті.
Минскте ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысы өтіп жатыр