АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Әнші Нұрлан Еспанов бүгін "Қайрат" футбол командасы, "Реал Мадридті" жеңсе, 3 қазан палау тегін тарататынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қайрат" жеңсе, 3 қазан, тең ойнаса 2 қазан, жеңілсе 1 қазан палау тегін таратамын. Ешкімнің көңілін қалдырмаймын", - деді әнші.
Өнер иесі қазақстандық жанкүйерлерді "Қайратты" мәдениетті түрде қолдауға шақырды.
"Реал" тәжірибелі команда, ал біздің "Қайрат" енді-енді тәй-тәй басып келе жатыр. Мәдениетті көрермен болайық. Әлемге мәдениетімізді көрсетейік", - деп түйіндеді Еспанов.
Бірер сағаттан кейін Алматыда тарихи кездесу басталады. Ойынды көруге жанкүйерлер жинала бастады.
Матчты 21:35-те "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.