АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Беларусь астанасында ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үкіметаралық кеңестің отырысы осымен 44-ші рет ұйымдастырылып отыр. Ал 2025 жылда үшінші рет өтіп жатыр.
"ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің күн тәртібіне барлығы 19 мәселе енгізілді. Соның ішінде қаржылай қолдау, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, интеграцияланған ақпараттық жүйе, көлік инфрақұрылымы және тағы басқа мәселелер бар", - делінген Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми хабарламасында.
Бұдан бөлек, үкімет басшылары одақ аймағына кірген тауарларды бақылау жүйесін толығымен іске қосуға қатысты пікір алмасады.
Пилоттық жоба 2025 жылы 30 маусымда аяқталған болатын.