АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы елшісі Кит Келлог Дональд Трамптың Украинаға қатысты ұстанымы жайында айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Келлог Трамп президенттік қызметке келгеннен бері Украинаны қолдауын күшейтті ме деген сұраққа тікелей жауап беруден бас тартып, америкалық көшбасшының "теңдестірілген ұстаным" ұстанатынын айтты.
"Менің ойымша, президент Трамп тепе-теңдікті ұстанатын адам және ол әрқашан осылай істеуге тырысады... Ол кез-келген мәселенің дәл ортасында жүреді және бұл оның ең жақсы қасиетінің бірі", - деді Келлогг WSF2025 "Securing Europe: Transatlantic Strategies in a Time of War and Uncertainty" форумында.
Ол Трамптың делдал рөлін атқаратынын және екі жақтың да ұстанымдарын ескеруге тырысатынын айтты.
Бұған дейін АҚШ президенті Украинадағы қақтығысты шешу ол күткеннен де қиын болғанын мәлімдеді.