ЕАЭО цифрландыруға және жасанды интеллектіге ерекше көңіл бөліп отыр

Сейсенбі күні Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті
Sputnik
АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. ЕАЭО елдері одақ аумағында цифрландыру мен жасанды интеллектіні пайдалануға ерекше көңіл бөліп отыр, деп хабарлады РФ вице-премьері Алексей Оверчук.
"Ресей Федерациясынан басқа Қазақстан, Беларусь және Қырғызстан да цифрландыруға ерекше басымдық беріп отыр. Одақ аумағында жасанды интеллектіні дамытуға және жасанды интеллект технологияларын қолдануға үлкен көңіл бөлінді", - деді Оверчук журналистерге.
Сейсенбі күні Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті.
Қазақстан ЕАЭО тарапынан аграрлық салаға өнеркәсіппен бірдей қолдау көрсетуді ұсынды