АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. "Томагавк" қанатты зымырандарын Киевке беру мүмкіндігі туралы мәселе қаралған жоқ, ешқандай шешім қабылданбады, деп мәлімдеді АҚШ президентінің Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог.
Келлогтың айтуынша, "Томахавк" зымырандарын жетуізу туралы өтінішті Украина басшысы Владимир Зеленский 23 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясы аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуінде айтқан.
"Бұл туралы ешқандай түсініктеме болған жоқ. Жұрт алдында айтылған мәлімдемелерде осы зымыранды сұратқаны тағы да расталды. Бұл, әрине, әлемдік баспасөздің назарын аударды", – деді Кит Келлог.
Келлог "Томагавк" АҚШ-тағы озық зымыран жүйесі болғандықтан, бұл тақырыпқа қызығушылық артқанын айтты.
"Бұл АҚШ-тағы ең озық зымыран жүйесі саналады. Бәлкім, біздің ең заманауи жүйелеріміздің бірі болар. Біз әлемнің белгілі бір нүктесіне әскери соққы бергенде, әдетте "Томахавк" зымыранын пайдаланамыз", - деді арнайы өкіл.
Ол сондай-ақ қаруды жеткізу мәселесі бойынша түпкілікті шешімді бас қолбасшы ретінде Трамп қабылдайтынын атап өтті.