АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада ресми сапармен келген Италия президенті Серджо Маттарелланы қарсы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Италия президенті Серджо Маттарелланы Астанаға келді
© Sputnik / Санат Имангалиев
Салтанатты шара кезінде екі елдің басшысы алдымен бір-біріне өз делегацияларын таныстырды. Ал құрметті қарауыл сап түзегеннен кейін Италия мен Қазақстан әнұрандары шырқалды.
Италия президенті Серджо Маттарелланы Астанаға келді
© Sputnik / Санат Имангалиев
Ақордада алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларын талқылайды.