Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей елшісі НАТО әскерін Украинаға жіберу жайында айтты

Кремль Батыстың Украинаға қару-жарақ жеткізуі келіссөзге ықпал етпейтінін және оның кері әсері болатынын айтты
Sputnik
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Еуропалық көшбасшылардың Украинаға НАТО әскерін жіберу идеясы саяси прогреске кедергі келтіріп жатыр, деп мәлімдеді Лондондағы Ресей елшісі Андрей Келин РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
"Украинаға НАТО әскерін жіберу - біз үшін қабылданбайтын іс-әрекет. Бірақ оны ешкім естігісі келмейді. Соның салдарынан еуропалық көшбасшылардың әскер жіберумен айналысуы Украинадағы қақтығысты тоқтатудың шешімдерін іздеу бойынша саяси процеске кедергі келтіріп жатыр", - деді Келин.
Қыркүйектің басында Парижде Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мен Франция президенті Эммануэль Макронның төрағалығымен "ниеттестер коалициясы" деп аталатын ұйымның отырысы өтті. Саммиттен кейін Франция басшысы 26 елдің қақтығыс тоқтағаннан кейін Украинаға тежеу ​​күштерін орналастыруға дайын екенін білдірді.
Ресей АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа қару-жарақ жеткізу арқылы ғана емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдерде Украина қарулы күштерін дайындау арқылы тікелей қатысып жатыр деп бірнеше рет мәлімдеген.
Кремль Батыстың Украинаға қару-жарақ жеткізуі келіссөзге ықпал етпейтінін және оның кері әсері болатынын айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Батысты тағы да Украинаға әскер жіберуге шақырды