АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Үндістанда танымал актер Виджайдың сайлауалды митингі кезінде 39 адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, 50-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан CNN порталына сілтеме жасап.
Тамилнад штатының министрі таратқан мәліметке сәйкес, қайтыс болғандардың арасында 13 ер адам, 17 әйел және 7 бала бар. Ал ауруханаға түскен 51 адамның жағдайы ауыр.
Виджай былтырдан бері саясатқа бет бұрып, өз партиясын құрған. Халық арасында танымал актерді қолдайтындар көп. Осы жолы ол митинг өткізгенде жүк көлігінің үстіне шығып сөйлеген. Сол кезде халықтың көп жиналғаны сонша, ине шаншар жер болмады. Адамдар бір-бірін басып, кептеліп қалған. Виджайдың өзі есінен танған адамдарды көріп, су құйылған бөтелкеледі лақтыра бастаған. Ол полицияны көмекке шақырды.
Үндістанның премьер-министрі Наренда Моди қайтыс болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты. Ал штаттың билігі өтемақы төлеуге уәде берді. Осы оқиғаны тергейтін арнайы комиссия да құрылады.
Айта кетері, былтыр Виджай құрған Tamilaga Vettri Kazhagam партиясы бір жиналыс өткізген. Сол кезде 6 адам қайтыс болған.