"Реал" Алматыға баратын футболшылардың тізімін жариялады

Sputnik
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Мадридтік “Реал” футбол клубы Алматыға баратын ойыншылардың тізімін жариялад , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қайрат" пен "Реал" арасындағы матч 30 қыркүйекте Алматының орталық стадионында өтеді.
"Реал" футболшыларының тізімі:
Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;
Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;
Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;
Шабуылдаушылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.
Айта кетері, "Реал" футболшылары Мадридтен ұшақпен шықты. Олар 8 сағаттан артық уақыт ұшады. Ал 29 қыркүйекке қараған түні Алматы әуежайына қонады.
"Қайрат" - "Реал Мадрид" матчына билеттер қашан сатылымға шығатыны белгілі болды