Қонаев пен Талғардағы алма бәліші мерекесі этностардың басын қосты

Мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өтті
Sputnik
АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Қонаев және Талғар қалаларында "Алма бәліші" мерекесі өтті.
Ол алғаш рет және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралардың аясында өтіп жатыр. Мерекенің негізгі мақсаты отбасылық дәстүрді сақтау және татар тағамдары мен мәдениетін танымал ету арқылы ұрпақтар сабақтастығын насихаттау болды. Мерекені ұйымдастырушылар халықтың салт-дәстүріне құрметпен қарау қажеттігін ерекше атап өтті.
Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті
"Қазақстандағы түрлі этнос өздерінің алма бәлішімен осндай мерекеге жиналатын болса, бәрімізді одан әрі біріктіреді деп ойладық. Мұндай мерекені өткізудің астарында осы идея жатыр", - дейді фестивальдің авторы әрі ұйымдастырушысы Ринат Абдулхалықов.
Мерекеге Бішкектен татар және башқұрт этно-мәдени орталықтарының өкілдері келді, дейді ұйымдастырушылар.
1 / 10

Фестивальдің авторы әрі ұйымдастырушысы Ринат Абдулхалықов.

2 / 10

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

3 / 10

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

4 / 10

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

5 / 10

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

6 / 10

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

7 / 10

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

8 / 10

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

9 / 10

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

10 / 10

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Қазақстан, Татарстан, Қырғызстан елдерінің саясаткерлері мен кәсіпкерлері, сондай-ақ татар этномәдени ұйымдары, Алматы облысының аудандарынан келген аспаздық мамандар, мәдениет және туризм қайраткерлері қатысты.
Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы уәкілетті өкілі Денис Валеев
"Татарстан Алматы облысын өте жақсы көреді. Татарстаннан келген қонақтардың барлығы алматылықтардың қалай қарсы алатынын ұмытпайды. Мұндай жылылық пен қонақжайлық Алматы облысына тән. Әрине, біз де сіздерді қонақ болуға шақырамыз, біз де алма бәлішін пісіреміз", - деді Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы уәкілетті өкілі Денис Валеев.
"Алма бәліші" мерекесі екі жерде өтті: Қонаев қаласындағы Орталық алаңда және Талғардағы "Жастар" саябағы аумағында. Екі қалада да шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, халық ән шырқады, қонақтарға бәліш пен ұлттық тағам ұсынылды.
1 / 8

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

2 / 8

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

3 / 8

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

4 / 8

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

5 / 8

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

6 / 8

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

7 / 8

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

8 / 8

Қонаев қаласында "Алма бәліші" мерекесі өтті

Сондай-ақ фестивальде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұзындығы 30 метрлік алмадан жасалған бәліш жасалды.
"Алма бәліші" мерекесі ауқымды әрі әсем іс-шара болды, айтпақшы, ол Қонаев қаласының күнімен тұспа-тұс келді.