Алматыға алты айда 1,1 млн турист келді

Бұл көрсеткіш былтырғы жартыжылдықпен салыстырғанда 6,5%-ға өскен
Sputnik
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Биыл жарты жылдың ішінде Алматыға келіп кеткен туристердің саны 1,1 миллионнан асты. Бұл туралы Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен Қазақстандағы Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның елшісі Салли Джейн Аксуорсимен өткен кездесуде айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қала басшысы мен елші сауда-экономикалық, білім беру, туризм және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
"Биыл қаңтар–шілде айларында Алматы мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 125,5 млн АҚШ долларына жетті. Алматыға келген туристер саны 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 1,1 млн адам болды, бұл былтырғы жартыжылдықпен салыстырғанда 6,5%-ға өскен",- делінген ресми хабарламада.
Екі елдің білім беру саласындағы қарым-қатынасы нығайып келеді. Бүгінде шамамен 300 қазақстандық "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда оқып жатыр. Алматыда British Council кеңсесі жұмыс істейді. Қазақстан-Британ техникалық университетінің ашылғанына 20 жылдан асты. Ал 2021 жылы алғашқы толыққанды британдық университет — De Montfort өз жұмысын бастады.
Backstreet Boys тобының Астанадағы концертіне 12 мың турист келді