Тоқаев пен Путин Қазақстан президентінің Ресейге сапарына дайындық барысын талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айында Мәскеуге мемлекеттік сапармен барады.
Sputnik
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Президенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин сауда-экономикалық, соның ішінде энергетика, өнеркәсіп және көлік салалары бойынша бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын қарастырды. Мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығайып келе жатқанына мән берілді", - деп жазылған хабарламада.
Әңгімелесуде Қазақстан президентінің Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық барысына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айында Мәскеуге мемлекеттік сапармен барады.
"Ортақ тіл табысуға көмектеседі": Тоқаев Путин мен Трамп кездесуі жайында