Павлодарда 3 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды

21 қыркүйек күні Тереңкөл ауылындағы үйден дене жарақаттарын алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілген
Sputnik
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысының Тереңкөл ауылында 3 жастағы қыз баланың өлімі тіркелді.
Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 21 қыркүйек күні Тереңкөл ауылындағы үйден дене жарақаттарын алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілген. Алайда ол есін жимастан көз жұмды", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің әкесі анықталып, ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, дейді полицейлер.
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды