АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыс Ресей, Америка және Украинаға зиянды деп санайды. АҚШ адам өлімін тоқтатқысы келеді, деп мәлімдеді АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс.
"Президент (АҚШ президенті Дональд Трамп – ред.) бұл қақтығыс Ресейге зиянды деп санайды. Мен оны үнемі айтып жүрмін. Президент үнемі айтады. Бұл қақтығыс Ресейге зиян келтіріп жатыр. Ол Украинаға зиян келтіріп жатыр. Америкаға зиян келтіріп жатыр. Біз адам өлімін тоқтатқымыз келеді. Бұл президенттің ұстанымы болып қала береді", - деді Вэнс Ақ үйдегі сөйлеген сөзінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін аянбай жұмыс істеп жатқанын айтты.
"Бұл қақтығыс мен тоқтатқан жеті соғыстың бірі болады деп ойладым. Мен президент Путинмен әрқашан жақсы қарым-қатынаста болғандықтан, бұл ең оңай болады деп ойладым", - деді Трамп.