Францияның бұрынғы президенті 5 жылға сотталды

Бұған дейін сот экс-президентті қылмыстық келісімге қатысқаны үшін кінәлі деп таныды
Sputnik
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Париж соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді бес жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады деп хабарлайды РИА Новости.
Саркози 2007 жылғы сайлау науқанын Ливия қаржыландырды деген айыппен сот алдында жауап берді.
"Николя Саркози бес жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін сот экс-президентті қылмыстық келісімге қатысқаны үшін кінәлі деп танып, оны мемлекет қаржысын жымқырды және пассивті жемқорлықты жасырды деген айыптар бойынша ақтап шыққан.
Көршісінің сөзі есіне түскен: Атырау тұрғыны әйелін өлтіргені үшін сотталды