Пара жүзуден Әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы күміс жүлде иеленді

Нұрдаулет Жұмағалидің бұл Әлем чемпионатындағы үшінші күміс жүлдесі
Sputnik
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Сингапурде өтіп жатқан пара жүзуден Әлем чемпионатында қазақстандық Нұрдаулет Жұмағали күміс жүлдені иеленді.
Нұрдаулет Жұмағали брасс әдісімен жүзуде 100 метр қашықтықты 1:06.64 секундта жүзіп өтті.
Бірінші орынды бейтарап елдің спортшысы Гук Тимофей 1:06.51 уақытымен алса, үшін орынды 1:06.99 секунд нәтижесімен украиналық Федина Алексей еншіледі.
Айта кетсек, Нұрдаулет Жұмағалидің бұл Әлем чемпионатындағы үшінші күміс жүлдесі. Бұған дейін ол 2022 жылы Медейрада және 2023 жылы Манчестерде медаль алған болатын.
Сингапурдегі пара жүзуден Әлем чемпионатында Қазақстан тарапынан 7 спортшы өнер көрсетіп жатыр. Жарыс 21-27 қыркүйек аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде 75 мемлекеттен 600-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр.
Олимпиада және Паралимпиада жүлдегерлері сыйақы алды