Мәжіліс халықаралық орталық құру туралы келісімді ратификациялады

Орталық қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатеріне баға берумен айналысады
Sputnik
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаттары қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатеріне баға беретін халықаралық орталықты құру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Халықаралық орталықтың негізгі мақсаты - ТМД елдерінің қаржылық барлау бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және анықталған қатерлерге уақтылы ден қою. Ол үшін халықаралық ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Соның негізінде қылмыскерлер қолданатын технологиялар мен әдістер зерделенеді.
Орталықтың басты міндеттері:
трансшекаралық қылмыстық топтардың әрекетін талдау;
статистикалық ақпарат алмасу;
қауіп-қатерлерді азайту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
ФАТФ халықаралық стандарттарына сәйкес тәсілдерді үйлестіру.
Бүгін депутаттар халықаралық орталықты құру туралы келісімді бірауыздан ратификациялады.
"Ақша далаға шашылып жатыр": мәжіліс төрағасы министрге шүйлікті