"Аяқтан шалғысы келген": Қабатов өзі туралы жалған ақпарат тарағанын айтты

Sputnik
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде өзі туралы жалған ақпарат тарағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, концерттің алдында әлдекімдер аяқтан шалғысы келуі мүмкін.
"Тұрсынбек массажға барды дей ме, кейбір сайттарда сондай жалған ақпарат тарап жатыр. Оған сенбеңіздер. Мен ешқайда барған жоқпын, ешкімге ұсталмадым. Бәлкім, концертімнің алдында біреулер аяғымнан шалғысы келген болар", - деді әзілкеш.
Ол 15 күннен бері Алматы қаласында жүргенін атап өтті.
"Бір аптадай бағдарлама жүргіздім. Қала күні қарсаңында екі күн іс-шара жүргіздім. Бүгін де Алматы қаласында бір іс-шараға келдім. Ешқандай Манхэттен деген жерді білмеймін. Дәлелсіз, өтірік ақпарат таратып жатыр", - деп түйіндеді Тұрсынбек Қабатов.
Айта кетері, желіде Қабатовтың интим массажға барғаны туралы қауесет тараған болатын.