Жетісу облысында сарбаз оқ жарақатынан көз жұмды

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Жетісу гарнизоны десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамында мерзімді әскери қызметтен өтіп жатқан сарбаз оқ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды қорғаныс күштері десанттық-шабуылдау әскерлерінің баспасөз қызметі.
Қайғылы жағдай 23 қыркүйекте жауынгерлік даярлық кезінде болған.
"Жетісу гарнизоны десанттық-шабуылдау әскерлерінің мерзімді қызметінің әскери қызметшісі қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан жарақат алды. Ол қайтыс болды", - дейді ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
"Лауазымды адамдар тарапынан немқұрайдылық пен бақылаудың болмағаны анықталған жағдайда кінәлілер ең қатаң жауапкершілікке тартылады. Оқиға қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды", - деп жазылған хабарламада.
Қарулы күштердің басшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтып, оларға барлық қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.
"Қатаң жауапкершілікке тартылады": сарбаз көз жұмған гарнизонға комиссия барды